Ертеңгіліктер

Тақырыбы: «Бала – біздің болашағымыз».

Мақсаты:  Балаларға  мерекені сезіндіру, мерекелік көңіл – күй сыйлай білу.

Бала — деген отбасының шырағы,

Бала  — деген ата – ананың шуағы.

Бұл өмірдің ең бақытты сәттері,

Балалардың  көптігінен тұрады.

Бала – деген ерке тотай бұзығың,

Бала – деген таусылмайтын қызығың.

Бұл өмірде жинаған бар байлығың,

Бала кезден бағып қаққан қыз ұлың.

Таусылмайтын әңгіме көп ол жайлы,

Балаларсыз өмір қызық болмайды.

Біз оларды аялайық қорғайық,

Ел ертеңін сол балалар қорғайды.

«Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасында 1- маусым Халықаралық балаларды  қорғау күніне орай «Бала — біздің болашағымыз» атты  мерекелік іс – шара өтті. Іс – шараны  аудандық мәслихаттың депутаты  Досым Құрманбек Базарбекұлы  ашып берді.Әйелдер кеңесінің төрайымы  Мәріпханқызы Ұлғаным,   «Қарақұм» елді мекенінің әкімшілігінің қызметкері Құлымбетов Керім, жеке кәсіпкер Ерғали, балабақша бүлдіршіндерінің ата – аналары Мергенбай Шәкизат, Махамбет Күлжазира, Даржанова Нурила, Төлен Камшат, Түймен апа, Искакова  Умида,  Адырбекова Махаббат балабақша бүлдіршіндеріне демеушілік жасап, ойыншықтар мен тәттілер алып келіп балаларды қуантты.

Ары қарай  мерекелік іс – шараны балабақша тәрбиешісі Сейдуалиева Назира жүргізді.  Концерттік бағдарлама  «Қызыл телпек» ертегі желісімен жүргізілді. Мерекелік  іс – шара да балабақша бүлдіршіні Мыңбасы Қарақат «Таус» биін билеп, «Бейбітшілік сақталады» әнін орындаса, «Болашақ» тобының қыздары «Түймедақ» биін билесе,  «Балбөбек» тобының бүлдіршіні Аралбек Әмина «Топ – топ балақан» әнін нақышына келтіріп орындаса,  осы топтың қыздары «Аққу» биін биледі. Мың бұралған қыздарымыз Өзбек халқының биін билесе, балабақша бүлдіршіні Бижігіт Іңкәр «Ақ жауын» әнін орындады. «Балапан» тобының қыздары «Көбелек» биін билеп, Қуанышбек Жайна мен Садырбай Жансәуле «Балдырған» әнін орындады. «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндері     «Флешмоб» биімен мерекелік іс – шараны қорытындылады.

Келген  қонақтар мен ата – аналар балабақшаға өз ризашылықтарын білдіріп, балабақша ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

 

Тақырыбы:  «Бала-біздің  болашағымыз»

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір — бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,ата — аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.

1 — Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгінбіз осы мерекені атап өтпекшіміз.

Көрініс:«Қызыл  телпек»

Анасы  бәліш  пісіріп,  қызына  орманда  тұратын   әжесіне  апарып  беруін  өтінеді.  Қызы  бәлішті  алып,  жолға  шығады.  Қызыл  телпек  әжесіне  достарымен  бірге  барғысы  келіп,  достарында  ертіп  алады.  Олар  орманда  адасып  қалады.  Адасып  жүріп  аюды  кездестіреді.

Қызыл  телпек:-Аю,  сен  біздің  әжеміздің  үйін  білесің  бе?  Біз  адасып  қалдық.  Өтінем  жол  көрсетіп  жіберші.

Аю:  Өзімнің  де,  көңіл  күйім  жоқ.  Жинап  жүрген  балымды  жоғалтып  алдым.

Қызыл  телпек:-Балалар,  олай  болса  біз  аюдың  көңілін  көтерейік.

Аю:-Олай  болса  жақсы  болар  еді.

БИ:   «Жол серік» Қарлығаш  тобының  бүлдіршіндерінің  орындауында

Аю:-Ой  жарайсыңдар,   мен  сендерге  жол  көрсетіп  жіберейін.

Қызыл  телпек:-Аю  сен  бізбен  бірге  жүрсең  қайтеді?  Мүмкін  жоғалтқан  балың  табылып  қалар.

Аю-Жарайды.  (Аю  сәл  абыржып  алды)  (Келе  жатқанда   жолда  қасқыр  жолығады)

Қызыл   телпек: Аю  қобалжыма,  қасқырдан  сұрап  көрейік.

Қасқыр:-(Қасқыр  айласын  асырғасын  келеді  де,  ойланып  оларды  басқа  жолға  салып  жібереді.)

-Сендер  былай  қарай  жүресіңдер-деп,   басқа  жол  сілтеп  жібереді.

(Бұлар  жетемін   дегенше  әжейдің  үйіне  өзім  бірінші  жетіп  алайын)  бұлардың  сыйлығын  жолмен  жортып  кетті.

Қызыл  телпек  адасып  жүріп  қоянға  жолығады.

Қызыл  телпек-қоян  сен  қорықпа,  егер  ен  бізге  жол  сілтеп  жіберші  біз  әжеміздің  үйін  таба  алмай  жүрміз.

Қоян  қорыққанынан  талдың  артына  тығылады.

Қызыл  телпек-балалар,  біз  қоянды    жанымызға  келтіру  үшін,  бір  өнер  көрсетіп  жіберсек  қайтеді.

ӘН:  «Ақ жауын»  Іңкәрдің  орындауында.

Қоянның  көңілі  көтеріліп,  жақындайды.

Қоян-мен  сендерге  жаңа  әженің  үйіне  қарай  қасқырдың  жорытып  бара  жатқанын  байқадым,  мен  содан  қорқып  қашып  жүр  едім.

Қызыл  телпек:-Ой  балалар  әжемнің  үйіне  тезірек  жетуіміз  керек.  Қасқыр  бір  жамандық  жасап  жүрмесін.

Қоян-Ендеше  мен  сендерге  ең  жақын  жолды  көрсетейін  деп  жорыта  жөнелді.

Қызыл  телпек  және  оның  достары  асыға  әжесінің  үйіне  қарай  жүгірді.  Олар  Қасқырдың  алдынан  тосып  алды.

Қызыл  телпек  достарымен  бірге  қасқырды  үгіттеп  дос  болуға  шақырды.

Қызыл  телпек: Қасқыр  сен  бізбен  бірге  дос  болып,  менің  достарымның  өнерін  тамашалағың  келе  ма?  Менің  достарымның  бәрі  өнерлі.

Қасқыр:  көрелік  ендеше.

ӘН:  Гүлнұрдың  орындауында:  «Бал  балалық» әнімен  қабыл алыңыздар

БИ:  «Ромашка  биімен  ортамызда»

БИ:  Қарақаттың  орындауында  «Тауыс»  биімен  қабыл алыңыздар

ӘН: Ердәулеттің  орындауында  «Атамекен»  әнімен  ортамызда

БИ: Мың  бұралған  қыздарымыз  өзбек  халқының  биімен  ортамызда

ӘН:  Жайна  Жансәуленің  орындауында ______________________

БИ:  Балапан  ортаңғы  топ  бүлдіршіндерінің  орындауында «Көбелек» 

Балалардың  шулаған  даусын  есітіп  үйден  әжей  шығады.  Әжей  балаларды,  немересін  көріп  қуана  қауышады,  барлығы  балалардың  өнерін  тамашалап  бақытты  өмір  сүреді.

Жүргізуші: Осымен «Бала-біздің  болашағымыз» атты мерекелік іс — шарамыз аяқталды.

Мерекелік іс-шараға келген қонақтар
Аралбек Амина «Топ-топ балақан» әнін орындауда
Балбөбек тобының қыздары «Аққу» биі
Қарлығаш тобы «Флешмоб» билеуде
Ата-аналар
Болашақ тобы қыздарының «Түймедақ биі»
Жасұзақ Балнұр «Балапан» әнімен