Қамқоршылық кеңес

Бекітемін

Балабақша басшысы

Г. Нарбек.

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, «Қарақұм» елді мекені,

 «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасының қамқоршылық кеңесінің

 2018- 2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспары.

Іс – шаралар мазмұныОрындалу мерзімі
1Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін сайлау, қамқоршылық кеңес ережесімен және жоспарымен таныстыру.25.10.2018 ж
2Балабақша әкімшілігі көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларға 24 бала 50 % жеңілдікпен, 3 бала тегін келуіне қаржы бөлу2018 жылдың қараша айымен 2019 жылдың ақпан айы аралығында
3Аудандық мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері арасында « Елбасы және Тәуелсіздік » патриоттық байқауына қатысқан бүлдіршінді марапаттау туралы мәселеге атсалысу.29.11.2018 ж
4 Жаңа жылдық іс – шараны дайындау және өткізу мәселелерімен талқылау. 2018 жылғы 20-25 желтоқсан аралығында
5Балабақшада 8- наурыз және 22- наурыз мерекесінің салтанатты түрде атап өту іс – шараларының барлығына атсалысу.2019 жылғы 6- 22 наурыз аралығында
6 Балабақша аумағын көркейту, абаттандыру жұмыстарын жалғастыру.2019 жылғы сәуір айы
7Балабақшаны бітіруші түлектерге «Қош бол балабақшам» мерекесін өткізуді ұйымдастыру мәселелерін талқылау.2019 жылғы 15- 25 мамыр аралығында
81-маусым Балаларды қорғау күніне орай қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен бірлесіп, «Біз бақытты балдырған» акциясын йымдастыру және өткізу.2019 жылғы 25 мамыр – 1- маусым аралығында
9«Мектепке жол» акциясына қатысу бойынша хабарлама жасау.2019 жылғы 25 тамыз –
1 қыркүйек аралығында

Орындаған балабақша тәрбиешісі                       А.Бектұрған

 

 

Хаттама № 2
«Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасын да өткізілген қамқоршылық кеңесінің жиналысының хаттамасы.
24.12.2018 жыл
Қатысқандар – 12
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
  1. Балабақша қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарымен танысу.
  2. «Төрлет, төрлет, Жаңа жылым» мерекесіне арналған іс – шараларды ұйымдастыруды талқылау.
  3. Шағын кәсіпкерлерді тарту, олардың қамқорлық жасау жолдарын қарастыру.
Тыңдалды:
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дастан Альхан сөз алып, жиналысқа қатысушыларды жұмыс жоспарымен таныстырды. Отырысқа қатысушылар жоспарды қолдады.
2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған қамқоршылық кеңесінің мүшесі К.Махамбет балабақшаның жылдық жоспарында көрсетілген жаңа жыл мерекесі аясында ұйымдастырылатын іс – шараға ата – аналарды да белсене қатыстыру жайлы өз ұсынысымен бөлісті.
3. Үшінші мәселе бойынша ққамқоршылық кеңесінің мүшесі Құрманбек Досым шағын кәсіпкерлерді балабақшаға қамқорлық жасау мақсатында ұсыныс тастады. Ол өз тарапынан осы «Ақкөгершін» бөбекжай балабақшасының балаларына 50 кг алма, көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына 20 дана жаңа жылдық сыйлықтар беретінін айтты.
Қаулы етеді:
  1. Жаңа жылдық іс – шараға ата – аналарды кеңінен қатыстыру жайлы ұсыныс топтардың ата – аналар комитетімен келісілсін.
  2. Кәісіпкерлерді қамқорлық жасауға тарту жұмыстары жүргізілсін.
 
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:  Д.Альхан
Хатшысы:  А.Бектұрған